Жаңа коллекциялық монеталар сатылымға шықты
TÚIE монетасы күмістен жасалған. Сынамасы – 925, бетінде диаметрі 1 мм гауһар тасы бар. Монетаның массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 5 000 дана;

МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған TÚIE монетасының массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – рrооf-like, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 10 000 дана;
Рrооf-like сапасымен мельхиордан жасалған TÚIE монетасының массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңгелік, таралымы – 30 000 дана;
МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған BALQASH ALABUǴASY монетасының массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – рrооf-like, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 20 000 дана.
Қосымша айта кетейік, номиналы 5 000 теңгелік TÚIE және номиналы 1000 теңгелік BALQASH ALABUǴASY коллекциялық күміс монеталары сатуға кейін шығарылады. Клиент ол монеталарды кассадан өзі алып кете алады. Бұл монеталардың сатуға қашан шығарылатыны ҚҰБ сайтында қосымша хабарланады.