00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Жұбайы мен ата-анасын алдаған алаяқ ұсталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жұбайы мен ата-анасын алдаған алаяқ ұсталды
коллаж Elorda.info

Жұбайы мен ата-анасын алдаған алаяқ ұсталды

Көкшетауда 67 млн теңгеге 9 адамды алдаған алаяқ қолға түсті, деп хабарлады Elorda.info.

Ол бір жарым жыл бойы қалада бірнеше алаяқтық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болды. Оның құрбандары –  өзінің отбасы мүшелері, туыстары және достары. 2021 жылы бұл азамат өзінің жақын адамдарына ақша қаражатын инвестиция ретінде салуды ұсынған. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді. 

Алданғандардың арасында ұсталған азаматтың жұбайы, оның ата-анасы, жақын достары, сыныптастары мен таныстары болды. Қысқа уақыт ішінде алаяқ 67 миллион 229 мың теңгеге 9 адамды алдаған. Алынған ақшаны өз қалауы бойынша жұмсаған. Полицияға арыздар келіп түскеннен кейін, 2022 жылы алаяқтық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алайда 27 жастағы күдікті қашып кетті. Сол жылдың шілдесінде ер адам мемлекетаралық іздестіруге жарияланды, - деп жазылған хабарламада.

31 қаңтарда Көкшетауда полиция қызметкерлері  жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыскер  ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі кезде оған қатысты тергеу жалғасып жатыр.