Ташкентте жер сілкінді

Фото: Elordainfo.kz
Бүгін таңғы сағат 05:45-те Өзбекстан астанасында 2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жер дүмпуінің эпицентрі қаланың Мирзо-Улугбек ауданы болған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жер сілкінісіне қатысты ақпаратты елдің ТЖМ Сейсмоболжам мониторингінің республикалық орталығы Telegram-дағы арнасында жариялады.
Мекеме ақпаратына сүйенсек, Өзбекстан Республикасында 2024 жылғы 9 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 00:45-те жер сілкінісі тіркелді.
Эпицентрі – Ташкент қаласының Мирзо-Улугбек ауданы. Жер сілкінісінің координаттары: 41,33 градус солтүстік; 69,38 градус шығыс. Магнитудасы М=3,6. Тереңдігі 5 км.
Эпицентрден Ташкентке дейінгі қашықтық солтүстік-шығыс бағытта 10 км.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 12:45
Шаруалар ЖИ көмегімен техниканы лизингке алуға өтініш бере алады

17 қыркүйек, 2025
Қазақстанның ұны АҚШ нарығына шықты

17 қыркүйек, 2025
Ерікті автосақтандыру: қазақстандықтарға КАСКО бойынша қанша төленді

16 қыркүйек, 2025
Ауыл шаруашылығы министрлігі Алматыдағы 120 гектарлық инновациялық бақтың жұмысымен таныстырды