00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жамбыл облысында ірі есірткі плантациясы жойылды

11 шілде, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Жамбыл облысында ірі есірткі плантациясы жойылды
Оңалхан Өнерхан

Жамбыл облысында ірі есірткі плантациясы жойылды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері «Қарасора – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жамбыл ауданында есірткі өсімдігін заңсыз өсіру дерегін анықтады. Қарасора, көкнәр сорттарын өсірді деген күдікпен 61 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оның үйіндегі бақшадан жалпы салмағы 1520 түп көкнәр өсімдігі, 37 каннабис бұтасы анықталды. Барлығы 100 келіден асатын есірткі тәркіленді, оның ішінде көкнәр – 54 келі, марихуана – 53 келі.

«Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады, Жамбыл АПБ уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. «Қарасора – 2024» іс-шарасы аясында есірткіні заңсыз өсіруді, транзиттеуді, алқаптарын және есірткі зертханасын жоюды, ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған іс-шаралар одан әрі жалғасатын болады», – деді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.