«Заң және Тәртіп» қағидасы: Интернет алаяқтықтан қалай сақтану керек

Бүгін, 10:18
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Заң және Тәртіп» қағидасы: Интернет алаяқтықтан қалай сақтану керек
Фото: Астана қаласы “Сарайшық” ауданы прокуратурасы

Инновациялық технологиялардың дамуымен қатар, интернет-алаяқтық жаһандық проблемаға айналуда. Киберқылмыстарды жасау әдістері де  түрлене түсті. Астана қаласы «Сарайшық» ауданының прокуратурасы интернет-алаяқтықтан сақтанудың жолдарын түсіндірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазіргі уақытта интернет-алаяқтықтың келесі негізгі түрлерін атап өтуге болады:

- онлайн сатып алу кезіндегі алаяқтық;

- Whatsapp аккаунтын бұзу;

- инвестициялық жобалар;

- мемлекеттік органдар немесе банктер қызметкерлерінің атынан қоңыраулар;

- жасанды интеллектті қолдану арқылы және т.б.

Сондай-ақ алаяқтар жасанды интеллект арқылы таныстарының немесе туыстарының дауысын бұрмалап, олардың атынан көмек сұрап қоңырау шалуы мүмкін.

Осыған байланысты «Заң және Тәртіп» қағидасын орындау мақсатында «Сарайшық» ауданының прокуратурасы азаматтарды интернет-ресурстарды пайдалану кезінде қырағы және сақ болуға шақырады, атап айтқанда:

- «EGOV.kz» сайтына онлайн несиелер мен микрокредиттерді алудан өз еркімен бас тарту туралы функцияны қосу;

- онлайн сатып алу кезінде төлеуге асықпау, сатушылар мен веб-сайттарды мұқият тексеру;

- бейтаныс адамдардан келген күдікті сілтемелерге өтпеу;

- күрделі құпия сөздерді және екі факторлы аутентификацияны пайдалану;

- бейтаныс адамдарға ешқашан банк картасының деректері мен құпия сөздерін айтпау. Құқық қорғау органдары мен екінші деңгейдегі банктердің қызметкерлері ешқашан азаматтардың жеке деректерін сұрамайтынын есте ұстаған жөн;

- әрекет ету және сену алдында интернеттегі ақпаратты мұқият тексеру қажет.