ТЖМ ата-аналарға маңызды ескерту жасады
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға маңызды ескерту жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
ТЖМ ескертеді:
- балаларды суға жібермеңіздер және оларды қараусыз қалдырмаңыздар;
- өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне сақ болыңыздар;
- судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар: шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды; тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды; қалқымалардан ары қарай жүзуге болмайды; мас күйінде суға түспеңіз; су көліктеріне жақын жүзбеңіз.
Сондай-ақ жыл сайын биіктен құлап, қайтыс болған балалар саны көбейгеніне де байланысты бірқатар ескерту жасады.
Олар:
- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- ешқашан москит торларына сенбеңіз, олар құлаудан қорғауға арналмаған;
- балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.