ТЖМ құтқарушылары далада жанып жатқан шөп өртін сөндірді

Фото: Скрин ТЖМ таратқан видеодан
Қостанайлық құтқарушылар жанып жатқан шөп өртін сөндірді, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ұзынкөл ауданы Федоровка ауылында жалпы салмағы 600 тоннадан асатын 2000 бумада сақталған шөп маялары өртенді. Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрттің үлкен аумақтарға таралуына жол берілмеді.Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталып жатыр. ТЖМ шөпті сақтау және жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады!», - деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

16 тамыз, 2025
Шығыс Қазақстан облысында есірткі зертханасы жойылды

15 тамыз, 2025
Елімізде шілде айында 170 мыңға жуық көлік тіркеуден өтті – Ұлттық статистика бюросы

15 тамыз, 2025
Елімізде ақылы автожолдарды кім тегін пайдалана алады

15 тамыз, 2025
СҚО-да қоқыс үйінділері туралы жалған ақпарат берген 13 лауазымды тұлға жауапқа тартылды