TikTok-та қауіпті тренд пайда болды: неге шугаринг пастасын жеуге болмайды

Бүгін, 10:01
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
TikTok-та қауіпті тренд пайда болды: неге шугаринг пастасын жеуге болмайды
Фото: freepik

Әлеуметтік желілерде адамдар шугарингке арналған пастаны жаппай қолдана бастады. Пайдаланушыларды оның тәтті дәмі мен хош иісі қызықтырса керек. Ал жеуге арналмаған бұл заттың денсаулыққа зияны жоқ емес, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Шугаринг -бұл денедегі түкті кетіруге арналған процедура, ол үшін қант карамелінен жасалған жабысқақты проблемалы аймаққа жағып алып, жұлып алып тастайды. Ал TikTok-та пастаны қажетсіз түкті кетіру үшін емес, оны камера алдында жеу үшін сатып ала бастады. Көптеген блогерлер бірден бірнеше банка сатып алады және оның дәмін ұқсас тағамдармен салыстыра отырып, өз әсерімен бөліседі.

Мұндай роликтердің авторлары шугарингтің құрамында тек қант, глюкоза шәрбаты және лимон қышқылы бар екенін, яғни оны жеу қауіпсіз екенін айтады.

Мұндай әрекетке барғандарды әжуалаушылар да пайда бола бастады. Желі пайдаланушылары келесі тренд кір жууға арналған капсулалар болады деп мысқылдайды.

Дегенмен бұл трендті бәрі бірдей зиянсыз ойын-сауық ретінде қабылдап жатқан жоқ. Олар бұның тамақ емес, косметика екенін ұмытпауға шақырады. 

Шугарингке арналған пастаны жеу денсаулыққа қандай қауіп әкелуі мүмкін?

Пастаның негізі қант, лимон шырыны және судан тұрса да, өнеркәсіптік пастаға көбіне консерванттар, хош иістендіргіштер, тұрақтандырғыштар, рН тепе-теңдігі үшін қышқылдар немесе сілтілер қосылады. Бұл заттар ас қорытуға арналмаған және улануды тудыруы мүмкін. Тіпті қарапайым лимон қышқылы тағамдық және өнеркәсіптік болып бөлінеді. Сонымен қатар, бұл пастаны дайындау кезінде тамақ өнімдеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар қатаң сақталмайды. Егер паста бөлме температурасында сақталса, онда бактериялар көбейіп, көгере бастауы мүмкін. Паста жеу диареяны, дене құрысуын, жүрек айнуын және қандағы қанттың күрт өсуін тудыруы мүмкін.

 

@iamksenona

Пробуем сахарную пасту для депиляции 🥹

♬ оригинальный звук - ТГК: Кружки Ксенонки