Тазының қанын бұзғандарды жауапкершілікке тарту ұсынылды

Тазының қанын бұзғандарды жауапкершілікке тарту ұсынылды
фото: Қазақстан кинологтар одағы

Бұл туралы Тазы дипломатиясы концепциясының авторы, тазы жанашыры Абзал Досман айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

«Мемлекеттік деңгейде тазының санын, қанын сақтап қалып, сапасын арттыру үшін қаншама еңбек жүргізіліп жатыр. Ал бір жағынан қанын бұзып жатсақ өзімізге қарама-қайшылықты білдіреді. Сондықтан, Әкімшілік кодексте арнайы бап болса, тазылардың басқа тұқымдармен шағылысып кетуінде иелеріне жауапкершілік болуы керек»,- деді «Nomad» ұлттық саятшылық» қоғамдық қорының мүшесі Абзал Досман.

Жеті қазынаның қатарына қосылған таза қанды құмай тазылар саятшылықтың сәнін келтірген жануар. Кей мәліметтер бойынша, қазір Қазақстанда екі мыңнан астам тазы бар. Былтыр Халықаралық кинологиялық федерацияның бас комитеті қазақ тазысын ресми түрде ит тұқымы деп тану туралы шешім қабылдады.