Табысын жасырғандарға айыппұл салынады
Қазір елде жалпыға бірдей декларацияның екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
1 млн 700 мыңға жуық адам декларация тапсыру қажет, деп жазады Хабар24. Бүгінге дейін азаматтардың 65 пайызы табысын көрсеткен. Қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелер мен квази-мемлекеттік сектор қызметкерлері, жеке табыс салығы мен мүлкі бойынша есеп беріп жатыр. Декларациялау 2021 жылы енгізілді. Азаматтар жылдық табысын, барлық кірістерін ашық көрсетуге міндетті. Келер жылы жеке кәсіпкерлер 2025 жылы өзге санаттағы азаматтар декларация тапсыратын болады.
Егер азамат қандай да бір себептермен декларация тапсыру барысында бір мүлкін көрсетуді ұмытып кетсе, ол үш жыл ішінде аталған декларацияға қосымша декларация тапсыра алады. Бұл салық кодексінде көрсетілген. Егер азамат қандай да бір себептермен декларацияны тапсырмаса, бірінші рет заң бұзушылыққа орын берген жағдайда ескерту жасалады. Одан кейін қайталаса онда 15 АЕК айыппұл салынады, - деді Қаржы министрлігі Rірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева.