Түркістан облысында 40 тоннаға жуық мақта жанып кетті

фото: freepik.com
Түркістан облысында мақтау өңдеу зауатынан өрт шығып, 40 тоннаға жуық мақта жанып кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Мақтаарал ауданының Ақалтын ауылында болды. Мақта өңдеу зауытының аумағында 150 шаршы метр алаңда 40 тоннаға жуық жиналған мақта өртенген.
«Өрт сөндірушілер өрттің 350 шаршы метр алаңға таралуына жол бермей, 80 тонна мақтаны өрттен қорғап қалды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда»,- деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

17 қыркүйек, 2025
Қазақстанның ұны АҚШ нарығына шықты

17 қыркүйек, 2025
Ерікті автосақтандыру: қазақстандықтарға КАСКО бойынша қанша төленді

16 қыркүйек, 2025
Ауыл шаруашылығы министрлігі Алматыдағы 120 гектарлық инновациялық бақтың жұмысымен таныстырды

16 қыркүйек, 2025
Еуропа елдеріне кіріп-шығу ережелері өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек