Түнге қарай кейбір аймақтарда үсік жүреді
Синоптиктер бүгін еліміздің бірқатар аймақтарында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлады Elorda.info
«Қазгидромет» РМК ресми сайтының жазуынша Шымкентте желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ал Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл соғады деп күтілуде. Облыстың солтүстік, батысында, сондай-ақ облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың шөлейт аймақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақмола облысының шығысында 1 градус аяз, Шығыс Қазақстан облысының шығысында да 3 градус аяз күтіліп үсік жүреді. Сонымен қатар, түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі. Қызылорда облысында таңертең және күндіз облыс орталығында және шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 1 градус аяз сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.