Шымкентте мектеп директоры 7 млн теңге жуық қаражат жымқырған
15 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
Фото: Бақтыгүл Бурбаева
Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы 6 843 837 теңге бюджет қаржысын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл ақша 2022-2023 жылдар аралығында №73 орта мектепті жөндеу жұмыстарын жүргізуге және көмір жеткізуге бюджеттен бөлінген.
Одан бөлек жұмыс атқармағанына қарамастан 2 қызметкерге ай сайын еңбекақы төленіп отырған.
Аудан прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген Прокуратура таратқан хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
22 қараша, 2024
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
22 қараша, 2024
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
22 қараша, 2024
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді