00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сығанақ көшесіндегі айналым съезі жабылады

Сығанақ көшесіндегі айналым съезі жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан, «City Transportation Systems» ЖШС

Астанада полиция департаментінің келісімі бойынша LRT құрылысына байланысты жол қозғалысына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша магистральдардың жүріс бөлігіне іргелес учаскелерде LRT жұмыстарын
жүргізу жоспарына сәйкес, Сығанақ көшесі бойынша жол қозғалысын ұйымдастыру өзгертіледі, - делінген хабарламада.

Осыған байланысты 8 шілдеден 31 тамызға дейін Түркістан көшесінен Мәңгілік ел даңғылының көлік айрығына дейінгі учаскеде ростверктерді,
тіректер мен ригельдерді орнату бойынша жұмыстарды орындау үшін қозғалыс жолында ішінара шектеу болады.

Бұл ретте Достық көшесі жағынан Сығанақ көшесіне оңға бұрылу айналым съезі жабылады.