00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сотта Бишімбаевтың телефоны туралы дау туды

22 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сотта Бишімбаевтың телефоны туралы дау туды
Фото: Жоғарғы соттын сайтынан

Айыпталушының өзі тек қорғану үшін ұялы телефонының құпия сөзін ашуға келіскен. Адвокаттардың айтуынша, Бишімбаевтың iPhone телефонында оның кінәсіздігінің дәлелі бар, деп хабарлады Elorda.info ҚР Жоғарғы сотына сілтеме жасап.

Сотталушы оның телефонында қасақана кісі өлтіру және азаптау айыптарын жоққа шығаратын дәлелдер бар екенін айтады. Сот қорғаушылардың телефонды өз бетінше ашуына рұқсат бермей отыр. Ал телефон соттың иелігінде болса, түзетулер мен өзгерістерден қорқамыз. Осыған байланысты Қуандық Бишімбаевтың телефонына құпия сөзді өз бетінше енгізуге рұқсат беруіңізді сұраймыз. Материалдарды зерттегеннен кейін кодты (пароль) сотқа бере аламыз, - деді Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов.

Жәбірленушілер жағы бұған қарсы, өйткені олар телефондағы материалдар арқылы айла-шарғы жасауы мүмкін деп есептейді.

Судья Бишімбаев тарапының өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.