СҚО-да аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді
15 мамыр, 2024
Елорда ақпарат
Фото: Оңалхан Өнерхан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойған және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерден 10 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
«Тергеу сотының санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Ұқсас жаңалықтар