«Шымкент-Астана» пойызында сәби дүниеге келді

фото: freepik.com
Жолаушы Кенжеева күйеуімен бірге жүктіліктің соңғы айында Шымкенттен Астанаға сапарға шыққан. 21 қазаннан 22 қазанға қараған түні №86 «Шымкент-Астана» пойызында келе жатып, жолаушының толғағы басталған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Пойыз бастығы Гүлшат Қарақұлова мен жолсерік Анар Адамбаева жедел түрде барлық қажетті шараларды қабылдап, жолаушының аман-есен босануына көмектесті. Нәтижесінде, 21 қазан күні сағат 23:55-те қыз бала дүниеге келді.
«Пойыз бригадаларының қызметкерлері үнемі алғашқы медициналық көмек көрсету және төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша арнайы дайындықтан өтеді. Соңғы 3 жылда ұлттық тасымалдаушының пойыздарында 14 бала дүниеге келді», - деп жазылған ҚТЖ хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:13
Димаштың халықаралық жобасының түсірілімі еліміздің ең көрікті жерлерінде жалғасып жатыр

Бүгін, 13:16
Биыл жазда пойызбен 4 миллионнан астам жолаушы тасымалданды

Бүгін, 12:57
Арнайы операциялар күштерінің 26 әскери қызметшісі күрең қызыл берет иеленді

Бүгін, 11:42
Астана мен Алматы әлемдегі бензин бағасы ең арзан он қаланың қатарына кіреді