00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Шетелдік азаматтан есірткі тәркіленді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шетелдік азаматтан есірткі тәркіленді
Оңалхан Өнерхан

Ақтөбеде шетелдік азаматтан есірткі тәркіленді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көлік полицейлері Ақтөбе станциясында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Өзбекстанның 25 жастағы азаматын анықтап, ұстады. Тексеру кезінде одан жалпы салмағы 4,88 грамм мефедрон есірткі затының 11 бумасы табылып, тәркіленді. Қаскүнем оны Ақтөбе қаласы бойынша өткізу үшін сақтаған.



Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы (Аса ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмысы басталды. Азамат Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Жалмағамбет.