00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«SALOMON SPEED RACE»: Жүгіруден халықаралық бәсекенің жеңімпаздары белгілі болды

8 маусым, 2024
Қанат Байұзақов Қанат Байұзақов
«SALOMON SPEED RACE»: Жүгіруден халықаралық бәсекенің жеңімпаздары белгілі болды
Фото: Ұйымдастырушылардан

Елордада бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ботаникалық саябақта жүгіруден халықаралық жарысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

14 жастан асқан кез келген азамат қатысуға мүмкіндік алған спорттық шарада қатысушылар 1,6 шақырым Aero Glide және 3 шақырымдық Phantasm сайысында мықтыларды анықтады.

Астана қаласында жүгіру жарыстарының жиі өтуі қалыпты құбылысқа айналды. Осындай жүгірістер салауатты өмір салтын ұстанудан бөлек, дұрыс жүгіруге әсер етеді. Біз де осы қысқа қашықтықтағы турнирімізді жыл сайынға күнтізбеге енгізуге тырысамыз,  - деді жарыс ұйымдастырушысы Павел Тенцер.

Спорттық мереке таңғы 8:00-де басталып,  түске дейін жалғасты. Оған 350  спортшы қатысты.

Бұл жарыстың ерекшелігі – старттан әр жас бойынша қатысушылар жеке-жеке бастайды. Нәтижесінде жеңімпаздар осы санаты бойынша нешінші келгенін көзімен көріп, тамаша әсер алады. Жалпы қаламызда 5,10 шақырымдағы жүгірістер жиі өтеді. Ал қысқа қашықтықтағы сайыс бірінші рет өткізіліп тұр. Мұндай турнирлерге сұраныс арта береді деп ойлаймын, - деді  19-34 жас санаты бойынша чемпион атанған Нұрлыбек Смат.

Шараға Астана қаласының тұрғындарынан бөлек, өзге өңір және Ресейден де әуесқой желаяқтар қатысты.

Алғаш рет ұйымдастырылған турнир өте жоғары деңгейде өтті деп есептеймін. Ұйымдастыру деңгейі, еріктілердің қызметі, мәредегі жеңіс атмосферасы көңілімнен шықты. Ал мәреге жеткен барлық қатысушыға балмұздақ таратылды. Бұл да көңіл-күйдің көтерілуіне әсерін тигізеді, - деді 3 шақырымда топ жарған әуесқой спортшы Ақжан Манкеш.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 14-18, 19-34, 35-49, 50-59 және 60+ жас санаты бойынша ерлер және әйелдер арасында жеке марапатталды.