СҚО-ның 19 көліне 93 мыңнан астам шабақ жіберілді


Солтүстік Қазақстан облысында балық ресурстарын қорғау және көбейту бойынша белсенді түрде балықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аймақтағы 19 көлге су айдындарын пайдаланушылар тарапынан ақсаха және тұқы балық түрлерінің 93,3 мың дана дернәсілі жіберілді, деп хабарлады Elordainfo.kz министрлікке сілтеме жасап.
Балықтандырылған су айдындарының қатарына Долгое Большое, Теренкөл, Калдарь, Башкирское, Сладкое, Угловое, Гайдуково, Новое, Стерхово, Беленок, Бузай, Горькое, Евтюшкино, Кривое, Немецкое, Рыбное, Чистое (Менгисер), Қарасор және Ақсуат көлдері кіреді. Бұл жұмыстардың жалпы құны 104 млн теңгені құрады.
Ақсаха балық түрлерінің шабақтары Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарынан, сондай-ақ Ақмола мен Қарағанды облыстарындағы мамандандырылған балық питомниктерінен жеткізіледі.
Мемлекеттік тапсырыс аясында Сергеев су қоймасына 1 миллион дана тұқы шабағын жіберу жоспарланып отыр.
Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мемлекеттік инспекторлары балық аулау мерзімдерін сақтау бойынша бақылау шараларын жалғастыруда. Жыл сайынғы «Уылдырық шашу» акциясы аясында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар күшейтілді.