00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ресейлік санкцияны айналып өтіп, еліміз арқылы ұшақ сатып алғаны рас па?

7 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ресейлік санкцияны айналып өтіп, еліміз арқылы ұшақ сатып алғаны рас па?
Фото: Pixabay

Көлік министрлігі ресейлік миллиардерге бизнес-джет сатылғаны туралы БАҚ-та тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің ресми Telegram арнасында санкцияларды айналып өтіп, қазақстандық тасымалдаушыдан Falcon 7X ұшағын сатып алғаны туралы БАҚ-та тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Әуе кемелерінің бұл түрі бұрын ешқашан Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде болмаған. Irtysh air әуе компаниясының қазіргі уақытта азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының қолданыстағы сертификаты жоқ және 10 жылға жуық ұшуды орындамаған. Әуе компаниясы бұрын әуе кемесінің бұл түрін ешқашан пайдаланбаған, - делінген хабарламада. 

Ресейлік кәсіпкер әрі миллиардер Олег Дерипасканың 36 миллион долларға жаңа ұшақ сатып алғаны туралы ақпарат «Верстка» Telegram арнасында пайда болды. Жазбада бизнес-джеттің санкцияларды айналып өту үшін Қазақстан арқылы алынғанын айтылған. 

Әңгіме 2016 жылы шығарылған және 14 жолаушыға арналған Falcon 7X ұшағы туралы болып отыр, - делінген хабарламада. 

Жазбада ұшақтың қазақстандық Irtysh Air әуе тасымалдаушысынан сатып алынғаны көрсетілген.

 Олег Дерипасканың ресми сайтында хабарланғандай, ол кәсіпкер және меценат, «Базовый элемент» өнеркәсіптік тобының және қайырымдылық, әлеуметтік жобалар және волонтерлік қызмет саласындағы Ресейдегі ең ірі ұйым «Вольное дело» қорының негізін қалаушы.