00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Құрбан айт мейрамында не істеу керек?

13 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Құрбан айт мейрамында не істеу керек?
коллаж Elorda.info

Қазақстан заңнамасы бойынша Құрбан айттың бірінші күні – демалыс. Биыл Құрбан айт 28, 29, 30 маусым күндері аталып өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Мейрамның бірінші күні мұсылмандар ертерек тұрып, мешітке айт намазына барады. Айт намазын оқып болғаннан кейін бір-бірін Құрбан айтпен құттықтап, құшақ жайып, өкпе-реніші болса кешіріп, татуласады. 

Құрбан айт намазынан кейін барлық мұсылман ағайын-туыстарға, дос-жарандары мен көрші-қолаңға «Айт қабыл болсын!» айтып, айтшылайды. Үйлерге кіріп, құран оқып, тілек тілейді. Бір-біріне сыйлық беріп, мерекелік көңіл-күйде жүреді, айттық сұрайды.