«Qarmet» көмір шахталарында жерасты байланыс жүйесі енгізіледі

10 маусым, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Qarmet» көмір шахталарында жерасты байланыс жүйесі енгізіледі
фото: freepik.com

«Qarmet» АҚ нысандарында жерасты байланыс жүйелері енгізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Вадим Басин мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, «Qarmet» көмір шахталарында өндірістік жарақтану жағдайы төмендеген. 

«2024 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2023 жылмен салыстырғанда 64 пайызға төмендеді. Жылдың алғашқы 5 айында өндірістік жарақтанудың 25 жағдайы тіркелді. Қазіргі таңда «Саран» және «Ленин атындағы» шахталарында жер асты байланысы және тұрғыландыру жүйесі енгізілді»,- деді Вадим Басин.

Жыл соңына дейін көмір департаментінің барлық 8 шахтасы жерасты тұрғыландыру жүйесімен жабдықталатын болады.

Сонымен қатар қауіпті техникалық құрылғыларды ауыстыру бағдарламасы іске асырылып жатыр.