00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президент Қыдырәлі Болмановты 60 жас мерейтойымен құттықтады

20 мамыр, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент Қыдырәлі Болмановты 60 жас мерейтойымен құттықтады
Фото: Instagram/kydyrali_bolman

Қасым-Жомарт Тоқаев өнер иесіне 60 жас мерейтойымен құттықтау хатын жолдады, деп хабарлады Elorda.info.

Замандастарыңыз өзіңізді халыққа танымал мәдениет қайраткері ретінде жақсы біледі, құрметтейді. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін, - деп жазылған хатта.

Алғыс хатты әншіге Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыс етті.

Құрметті президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының туған күніме құттықтау хат жолдағанына басымды иіп, алғыс айтамын, - деп жазды Қыдырәлі Болманов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ бұл жазбаға танымал өнер қайраткерлері әншіні туған күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Олардың қатарында «Музарт» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев, айтыскер ақын Балғынбек Имаш және т.б. бар.

Нурия Куанышкалиева