00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президент Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді

Президент Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді және оның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлады Elorda.info Aқорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 
 

Айта кетейік, қастандық сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:15-те жасалған (Астана уақытымен 04:15, жексенбі). Оқыс оқиға Дональд Трамптың Пенсильвания штатындағы Батлер қаласында өткен халықпен кездесуінде болған. Саясаткерге кездесу өткен жерге жақын орналасқан ғимараттың төбесінен оқ атқан.

CNN мәліметінше, АҚШ-тың Құпия қызметі шабуыл жасаған снайперді оқиға орнында атып тастады.

Арнайы қызмет өкілдерінің хабарлауынша, оқиға салдарынан кездесудің бір қатысушысы көз жұмып, екеуі жараланған.