Полицейлер қару мен есірткі сақтаған азаматты ұстады
Қостанай полицейлері ірі мөлшерде есірткі мен қару сақтаған ер адамды ұстады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы және Рудныйдағы жедел-іздестіру іс-шараларының кешені аясында Қостанай облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері өз үйінде 2 келіден астам гашиш пен 100 грамнан астам кептірілген марихуана сақтаған бұрын-соңды істі болмаған 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.
Күдіктіден қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) және ҚР Қылмыстық Кодексінің 287-баптары (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деді Қостанай облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Нұржан Ахметов.