Полиция қызметкерлері қан тапсырды

15 маусым, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Полиция қызметкерлері қан тапсырды
Фото: Polisia.kz

Алматыда  қалалық полиция департаментінің 150 қызметкері донор атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Республикалық қан орталығында ұйымдастырылған игі шара – көмекке мұқтаж жандарға қолдау білдіруді мақсат еткен. Бұл бастама – полиция қызметкерлерінің өз мамандығына ғана емес, адам өміріне деген жанашырлығын, азаматтық борышын терең түсінетінін айқын аңғартты.



«Халыққа қызмет ету – құр ұран емес. Донор болу – мейірімділік пен адамгершіліктің шынайы көрінісі. Біз осындай игі әрекетіміз арқылы жастардың бойына жауапкершілік сезімін ұялатқымыз келеді. Полиция қызметкері болу – бұл тек тәртіп күзету ғана емес, ең әуелі елдің тыныштығы мен әр адамның өміріне қамқор болу деген сөз», - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Әділғожа Құсайынов.

Бұл іс-шара «Полиция – Заң мен Тәртіпті күзетеді» ұранымен, сондай-ақ елімізде жарияланған «Профилактика жылы» мен Қазақстан полициясының мерейтойына арналған жоспар аясында өтті.