00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Полицейлер 2 500-ден астам заңсыз электронды темекі тәркіледі

13 қараша, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Полицейлер 2 500-ден астам заңсыз электронды темекі тәркіледі
Фото: Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында полиция 2 500-ден астам заңсыз электронды темекі мен оларға арналған сұйықтықтарды тәркіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Орал қаласында полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында заңсыз темекі өнімдерін тәркіледі. Қаланың алкомаркеттерінің бірінде 22 электронды темекі, 58 пакет кальянға арналған темекі қоспалары, 17 пакет кальян жағуға арналған көмір табылып, тәркіленді. Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында полиция қызметкерлері 3 темекі шегетін сұйықтық пен тағы 3 электронды темекі тапты. Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп жазылған хабарламада.

Биыл 20 маусымынан бастап электронды темекі сатуға тыйым салатын заңнамаға өзгерістер күшіне енген сәттен БҚО-да полиция 9 заңсыз сату және тарату фактісін анықтады. Жедел іс-шаралар барысында 1 200-ден астам электронды темекі мен 1 400-ден астам сұйықтық пен оларды тұтынуға арналған құрылғылар тәркіленді.