00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әнші Жеңіс Ысқақова кездесуге жігітінің орнына інісі келгенін айтты

Әнші Жеңіс Ысқақова кездесуге жігітінің орнына інісі келгенін айтты
Фото: Instagram/zhenisiskakova

Көпке танымал әнші Жеңіс Ысқақова жігітімен кездесуге шыққан сәтіндегі қызықты оқиғасымен бөлісіп, оқырмандарын күлдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Зымырап жатқан уақыт-ай. Сонау тоқсаныншы жылдардың басында жолдасыммен енді кездесіп жүрген кез. Бір күні жігітім мені театрға шақырды. Кездесу Мұхтар Әуезовтің ескерткішінің алдында. Кешкі сағат 18:00-де болу керек. Мен келіскен уақытта келдім, жігіт жоқ. 10-15 минуттай тұрдым. Ол кезде ұялы телефон деген жоқ. Содан бір мезгілде қасыма десант киіммен әскерден жақында келген бір ұзын жігіт келіп: «Мен Тоханың інісі Рахат боламын, ағамның бір шаруалары болып қалды. Театрға сізді мен апарамын», - деді. Болашақ қайныммен осылай танысқанмын. Кейін тұрмыс құрғаннан кейін Рахат біздің балапандарымызды бағып, жаялықтарын жуған кездері де болған. Сөйтіп бірге есейдік. Кейін келіншегі Салтанатты біздің үйге түсірді. Өзім орамалын тағып, қарсы алған болатынмын, - деді әнші.