00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Өнімді жұмыс үшін бес жапондық әдіс

19 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Өнімді жұмыс үшін бес жапондық әдіс
коллаж Elorda.info

Жапония - экономикасының қуаты жөнінде әлемдегі лидерлердің бірі. Ондағы еңбек өнімділігі орасан зор. Ал халқының басым бөлігі өле-өлгенше бір компанияда қызмет етеді. Олар күнделікті қайталана беретін жұмыстан қалай мезі болмайды, қалай күйіп кетпейді? Бұл туралы Elorda.info тілшісі зерделеп көрді. 

Бұл үшін жапондықтарда қызмет орындарында барлық жағдай жасалған. Тіпті, еңбек өнімділігі, қызметкерлердің прокрастинацияға ұшырамауы сияқты мәселелерге мән берілген. Мысалы, түскі үзіліс болған соң кеңсе қызметкерлері міндетті түрде 15-20 минут жатып көз шырымын алады. Ал тез шаршап, күйзеліске түспеу үшін неше түрлі әдіс-тәсілдерді қаперге алады. Өйтпесе шаршап-шалдыққан, жұмысын жүйелемеген адам өнімді еңбек ете ме? Ендеше төмендегі ақыл-кеңестерді пайдалануыңызға болады.

Кайдзен. Күн сайын кішігірім жақсартуларға назар аударыңыз. Барлығын бірден жасаудың қажеті жоқ, тек әрекетіңізді бірте-бірте күшейте беруді мақсат етіңіз.

Помодоро техникасы. 25 минут жұмыс жасаңыз, 5 минут үзіліс жасаңыз, содан кейін тағы қайталаңыз. 

Бұл сіздің назарыңызды ұстап тұруға және күйіп кетуді болдырмауға көмектеседі. Помодоро әдісі сіздің өнімділігіңізді арттырады. 

Хара хачи бу. Тамақ арқылы энергияны сақтау әдісі. 80 пайызға дейін тамақтаныңыз, сол кезде сіз күні бойы қуатыңыз тасып тұрғандай сезінесіз.

Ваби саби. Кемшілікті қабылдаңыз. Әрбір кішкентай нәрсеге алаңдамай, үлкен нәрселерге назар аударыңыз және қарапайымдылықтан ләззат алыңыз. Бәрін мінсіз істеймін деп кейінге қалдыра бергенше, дәл қазір бастаңыз.

Орман терапиясы. Орман терапиясы – психикалық және физикалық денсаулықты сақтаудың тамаша құралы. Саябақта серуендеп, таза ауамен тыныстап, табиғаттан қуат алуға тырысыңыз.