Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева өмірден озды

11 наурыз, 2025
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева өмірден озды
Видеодан скриншот

Бүгін, 11 наурыз күні Қазақстанның еңбек сіңірген актрисасы Дариға Тілендиева өмірден озды. Дариға Тілендиева күйші, сазгер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары. Бұл туралы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ресми парақшасы хабарлады.

«Дариға Тілендиева ұлттық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті өнер иесі. Ол Халық қаһарманы, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің өмірлік жары ғана емес, сазгердің шығармашылық мұрасын сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізген тұлға болды. Дариға Тілендиева «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Алты жасар Алпамыс», «Құлагер», «Ақ машина», «Жамбылдың жастық шағы», «Қоштасқым келмейді» сынды көркем фильмдері арқылы, ұлттық кино өнерінде өшпес із қалдырды. Дариға Тілендиеваның өнері мен рухани мұрасы қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады», - деп жазған оркестр.