00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Мектеп бітіру кешіне қалай киінеміз?

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мектеп бітіру кешіне қалай киінеміз?
коллаж Elorda.info

Биыл Астанада 9 мыңнан астам түлек мектеп бітірді. Олар  мектеп бітіру кешіне дайындықты бастады. Әр мектеп бітірушінің есіңде мәңгі қалатын салтанатты шарада қыз да, ұл да әдемі көрінгісі келеді. Осы орайда елордалық сәнгер Әсел Елшібаева пайдалы кеңестерімен бөлісті.

 

Сәнгер маманның айтуынша, түлектің мектеп бітіру кешіне киетін киімі ыңғайлы болу керек. 

Мен бастысы түстер үйлесіміне назар аударар едім. Әр адамның өзінің түсі бар. Ол жылы және суық түстер болып бөлінеді. Соған орай дүкенге не ательеге  киімге тапсырыс бермес бұрын матаны таңдап алу қажет. Ол үшін матаны «портретный аймақ» деген жерге яғни көкірекке қойып, күндізгі жарықпен айнаның жанында тұрып қарау керек. Әр матаның түсін солай таңдаймыз,- деді сәнгер.

Мамандар жаз  мезгілі болғандықтан көйлекті жеңіл маталардан алуға кеңес береді. Ал гипюр секілді  маталарды таңдайтын болсаңыз, онда оның сапасына жіті көңіл бөлген дұрыс. Өйткені оларды сәл арзан бағада сатып алатын болсаңыз,  бүкіл образыңыз нашар көрінеді. Сондықтан сәнгерлер бұл жерде мұқият болуға кеңес береді. 

Көйлек таңдағанда бірінші кезекте, фигура типін ескеру қажет. Өйткені мұнда  бірнеше  фигура типі  бар. Мысалы, алма, алмұрт, тіктөртбұрыш, үшбұрыш. Екіншіден, өзіңізге жарасымды түстерді анықтап алу керек. Тағы айта кететін жағдай, киім таңдаған уақытта кеште ата-ананың, мұғалімдердің болатынын ескерген дұрыс, - деді Әсел Елшібаева.

Маман көйлек таңдағанда қыз-жігіттердің қандай қателіктер жіберетінін де айтты. 

Қыздар көбіне  образға 2023 жылғы бүкіл  трендты жинауға тырысады. Күшті көрінеді деп ойлайды-ау. Бірақ шын мәнінде, бірнеше тренд жиналған кезде образ өте арзан, сапасыз және  ұсқынсыз көрінеді. Сондықтан образды барынша талғаммен жинаған дұрыс, - дейді маман.

Мамандар сәнді және әдемі болу үшін ашық-шашық киюнудің керегі жоқ екенін айтады. Себебі ересек болып көрінудің орнына сәнді болған әлдеқайда дұрыс. 

Ал егер мектеп бітіруші түлектер киімді тіктіретін болса, онда арзан маталарды таңдамағаны жөн. 


Көйлекті ательеге тіктіретін болса, онда сапалы маталарды таңдаған жөн. Кейін фигура типіне қарай көйлекстің формасын таңдайды, - деді ол.

Әсел Елшібаеваның айтуынша, түлек киетін көйлекке ғана емес, бүкіл образға назар аударуы қажет.

Мектеп бітіру кешіне дайындалып жатқан түлектер тек қана киетін көйлекке емес, образға назар аудару керек. Сіздің шаш үлгіңіз, үстіңіздегі аксессуарыңыз, аяқ киіміз және т.б. бір-бірімен үйлесіп тұруы қажет. Мәселен, егер көйлегіңіз қарапайым болып тұрса, онда аксессуардың көлемі үлкен болғаны дұрыс. Ал көйлегіңіз керісінше алыстан көз тартатындай болса, онда көлемі кішілеу аксессуар таққан жөн,- деп сөзін түйіндеді Әсел Елшібаева.