00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мәжіліс депутаты елдегі интернет сапасын сынға алды

24 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мәжіліс депутаты елдегі интернет сапасын сынға алды
ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Қазақстандағы интернет сапасын сынға алды, деп хабарлады Elorda.info.

Мәжілісмен Нартай Сәрсенғалиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің атына жолдаған депутаттық сауалында миллиондаған қазақстандық әлі күнге дейін жоғары сапалы интернетті пайдалана алмай отырғанын атап өтті.

«Қазақстанда интернет бар» деген аты болмаса бүкіл әлемде жылдам саналатын желі біздің елге келгенде табанына тас байлап алғандай көрінеді, - деді ол.

Депутат биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 200 мыңнан астам тұрғыны бар 1 432 ауыл кең жолақты мобильді интернетке қосылмағанын атап өтті.

Бұл ресми дерек, шынайы жағдайға келсек ғаламторды атымен көрмеген елді мекендер саны бұдан әлденеше есе көп болуы бек мүмкін. Себебі, 2020 жылы мемлекет Қазақстан Республикасы халқының 98,7 пайызын интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамассыз етті дегенді де естіді ел, бірақ бұл деректің де арты бір-ақ тұтам екенін уақыт өте аңғардық. Тіпті бас қалада интернет әрең жұмыс істейді, - деді депутат.

Оның айтуынша, 2023 жылдың 4 айының өзінде қазақстандықтар сапасыз интернетке қатысты 5 мыңнан астам арыз-шағым түсірген.

Осы жерде заңды сауал туады, сапасыз интернетті ұсынған операторларға қандай жаза кесілді? Қанша айыппұл салынды? Бұған дейін байланыс операторларына салынған айыппұлды естіп келдік, демек бұл мәселенің шешімі емес екенін түсінетін кез келген жоқ па? Жұртқа айыппұл емес, сапалы интернет қажет емес пе?, - деп толықтырды ол.