00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады

30 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады
коллаж Елтай Нұрғазин

Бұл туралы Elorda.info тілшісіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мәдениет саласының үздігі Арайлым Рахымқызы айтып берді.

Өздеріңізге мәлім қазақтың бас қазаны «Тайқазан» Түркістан қаласында қойылған. Халықымыз оны байлық пен қазынаға бағалап, қастерлеген. Тарихқа сүйенсек, Кеңес үкіметі уақытында оны Санкт-Петербургке алып кеткен. Кейін ол қазанды ұлт жанашыры Өзбекәлi Жәнiбеков Қожа-Ахмет Яссауи кесенесіне қайта орналастырған. Өкінішке орай, бас қазан қақпақсыз келді. Дегенмен «Жасыл желкен» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлзат Алмажанова Ұлттық музейде де «Тайқазан» болу керек деп, оның қақпақты көшірмесін жасау бастамасын қолға алды. Жобаны іске асыруға қазақстандық темір зауыт иесі меценат Жанболат Надыров демеушілік көрсетті,- дейді ол.

Арайлым Рахымқызының сөзінше, бас қазанның көшірмесі 14 мамыр күні Ұлттық музейге табысталмақ.

Тайқазанның қақпақты көшірмесі Жанболат Орақұлының темір зауытында жасалған. Оны жақында әлемнің төрт дүркін чемпионы, кешегі тау көтерген Толағайдың, Қажымұқанның ізбасары Темір Спатай орнынан көтеріп 15 қадам жерге апарып қойып жаңа рекорд жасаған еді. Енді бұл қазан 14 мамыр күні Ұлттық музейге табысталатын болады,- дейді Арайлым Рахымқызы.