Ұлттық ұланда 30-дан астам ұлт өкілі қызмет етеді


Бүгін көпұлтты еліміз бейбітшілік пен ұлтаралық толеранттылық мерекесі Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының елордалық полкінде түрлі ұлт өкілдері қызмет етеді. Мереке қарсаңында олар қарулас достарына өздерінің мәдениеті мен дәстүрінің элементтерін тарту етті.
«Құқықтық тәртіп әскерінде жыл сайын татулық күніне орай «Бір шаңырақ астында», «Бірлік сабақтары», «Қазақстан — ортақ үйіміз» атты дәстүрлі акциялар өткізіледі. Бұл іс-шаралар еліміздің бай мәдени мұрасын көрсете отырып, әскери қызметшілер арасындағы ұлтаралық келісімді, патриотизм мен достықты нығайтуға ықпал етеді», - деді 6636 әскери бөлімі командирінің орынбасары Нұрлан Башенов.
Айта кетейік, бүгінде Ұлттық ұлан қатарында отыздан астам ұлт өкілі қызмет етіп жатыр. Олардың ішіндегі саны жағынан ең көбі — орыс, өзбек және татар ұлтының өкілдері. Сондай-ақ ұландық сарбаздар сапында эстондықтар, гректер мен камчадалдар да бар.