00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Ұлттық ұлан жауынгерлері іздеуде жүрген азаматты ұстады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ұлттық ұлан жауынгерлері іздеуде жүрген азаматты ұстады
Фото: Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Қызметтік ит ұландықтарға іздеуде жүрген азаматты ұстауға көмектесті, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға сағат 19:15 шамасында Алматы қаласында болған. Әскери жасақ бастығы сержант Әлішер Сағымбеков пен патруль ефрейтор Дамир Мараттан құралған әскери жасақ Әуезов көшесіндегі №23 үйдің жанынан іздеудегі адамға ұқсас азаматты байқаған. 

Ұландықтар оның құжаттарын тексеру үшін тоқтатқанда азамат қаша жөнелген. Осы сәтте кинолог ефрейтор Дамир Марат: «Тоқта! Әйтпесе қызметтік итті босатамын!» деп ескерту жасаған. Азамат бұл талапты елемегеннен кейін, «Рой» есімді қызметтік ит қашқынның соңына түсіп, тоқтатты.

Біз азаматты құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан кезде, ол қашып кетуге тырысты. Сондықтан оны ұстау үшін қызметтік иттің көмегіне жүгінуге тура келді, - деді әскери жасақ бастығы сержант Әлішер Сағымбеков. 

Ұсталған адам қосымша тексерістер үшін Алмалы ауданының полиция басқармасына жеткізілді.