Конституциялық Сот: кепіл ұстаушының құқықтары конституцияға қайшы емес

Бүгін, 14:18
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Конституциялық Сот: кепіл ұстаушының құқықтары конституцияға қайшы емес
Фото: Конституциялық Сот

Азамат «Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот практикасы туралы» 2017 жылғы 6 қазандағы № 8 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 35-тармағын Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы Конституциялық Сотқа өтінішпен жүгінді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Өтініш берушінің сақтандыру компаниясымен жасалған көлік құралын ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерімен келіспеуі өтініш беруге себеп болды. Сақтандыру компаниясына талап қоюды бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар қанағаттандырудан бас тартқаннан кейін өтініш беруші жоғарыда көрсетілген нормативтік қаулының 35-тармағының ережелерінің орындалуына шағымданды.

Конституциялық Сот Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының 35-тармағының ережелері кепілге қойылған мүлікті сақтандыру тәртібін, сондай-ақ кепіл ұстаушы мен пайда алушының сақтандыру төлемін алу құқығын реттейтін Азаматтық кодекс нормаларының мазмұнын көрсететінін атап өтті. Бұл нормалар өтініш берушінің конституциялық құқықтарын іске асыруға кедергі келтірмейді. Ол сақтандыру омбудсманына және сотқа жүгінуді қоса алғанда, заңнамада көзделген қорғау тәсілдерін пайдаланды. Сондай-ақ, өтініш беруші сот актілеріне шағымданудың кассациялық тәртібін пайдалануға құқылы.

Конституциялық Сот тек құқықтық нормалардың Конституцияға сәйкестігін тексереді және соттардың құзыретіне кіретін нақты істердің фактілік мән-жайларына баға бермейді.