00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Киік жойылу алдында тұрған жануар санатынан шығарылды

12 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Киік жойылу алдында тұрған жануар санатынан шығарылды
Фото: дереккөзден

Халықаралық табиғат қорғау одағы киіктің Халықаралық Қызыл тізімдегі «Жойылу алдында тұрған» санатынан «Қауіп төнуге жақын» санатына ауысатынын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Жануарлар түрлерін қорғау және санақ жүргізу жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені республикадағы киік популяциясын сақтау мен қалпына келтіруде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

2003 жылы еліміздегі киік саны – 21 мың дарақ болса, 2023 жылы Қазақстандағы киік саны – 1 млн 915 мың дараққа жеткен.

2006 жылдан бастап Қазақстан Үкіметі жалпы ауданы – 5 081 485 га киік мекендейтін жерлерде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылып, кеңейтілді. Киіктің Бетпақдала популяциясын қорғау үшін «Ырғыз-Торғай», «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваттары, Орал популяциясы үшін «Бөкейорда» резерваты құрылды.

Қарапайым инспекторлардың адал еңбегінің, мемлекеттің экологиялық саясаты мен азаматтардың жауапкершілігінің арқасында киік санын қалпына келтірілді. 

Дүние жүзіндегі киік популяциясының 98 пайыздан астамы Қазақстанда шоғырланған.