Келесі әлемдік және дәстүрлі діндер съезі 2025 жылы болады
Бейбітшілік, татулық, ізгілік жайындағы жаңалықтарды іздейтін жағдайға жеттік. Бұл туралы сенатор Бибігүл Жексенбай өзінің әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Бұқаралық ақпарат құралдарының «аузы-мұрнынан» ағылған ақпараттың дені қақтығыстар , шешілмеген шиелініс, қатыгездік болып барады. Осындай кезеңде Қазақстанның бейбітшілік жолындағы ізгілікті істерін жалғастырудың маңыздылығы жыл сайын емес, ай сайын артып келеді десек артық болмас.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін өткізу жөніндегі Қазақстанның бастамасына дөңгеленген дүниенің әр бұрышынан қолдау білдіріп, Астанаға ат арытып келушілер саны да артып келеді, - деді спикер.
Келесі әлемдік және дәстүрлі діндер съезі 2025 жылы болады.
Қазақстанның астанасына ондаған делегациялар, түрлі діни конфессиялар мен әлем елдерінің өкілдері келді. Кездесуде 2022 жылы өткен Съездің қорытындылары талқыланып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген алдағы 10 жылға арналған даму Тұжырымдамасы қабылданды.
Мемлекет басшысы The Jerusalem Post газетіндегі жуырда шыққан мақаласында Съезд өткен онжылдықтарда түрлі мәдениеттер мен діни қауымдастықтар өкілдері арасындағы өзара диалог қалыптастыруға зор мүмкіндік бергенін атап өтті.
Адамзаттың бейбітшілік әлеуетін арттыру үшін барлық қолда бар тетіктерді пайдалану өте маңызды, - деді сенатор.
Саясаткерлер қайшылықта болса да, дін көшбасшылары бар қайшылықтарды шешуге үлес қоса алатынын Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев баса айтты.
Түрлі дереккөздерге сүйенсек, дүние жүзіндегі адамдардың 85%-ға жуығы өздерін дінге сенушілер қатарынан көреді. Бұл көрсеткіш дін көшбасшыларының бейбітшілікті насихаттаудағы әлеуеті де, парызы да өте жоғары екенін көрсетеді.
Бейбітшілік мұратының дөңгелек үстеліне жиналған дін басшыларының баса айтқаны :Осы уақытқа дейін ешбір ел әртүрлі мәдениеттер мен діндердің өкілдерін ортақ құндылықтар мен принциптерге негіздеп біріктіруде Қазақстан секілді жүйелі көзқарас таныта алған жоқ, - деді Бибігүл Жексенбай.
Отырыста Сьездің алдағы 10 жылға арналған Тұжырымдамасы қабылданды. Құжатқа сәйкес, алдағы кезеңде Сьезді елеулі трансформация күтіп тұр.
Біздің ел дінаралық және конфессияаралық диалогты бейбітшілік пен келісім мәдениетінің ажырамас бөлшегі ретінде дәріптейді. Қазіргі таңда арандатушылардың теріс пиғылы үшін дінге сенушілердің діни наным-сеніміне манипуляция жасауы үлкен алаңдаушылық тудырады”-деді Парламент Сенатының төрағасы, әрі әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев.
Әлемдік қауымдастықтың ең өзекті мәселелерін шешу бағытында діни көшбасшылардың күш-жігерін біріктіретін нақты бастамалар бар.
БҰҰ институттарымен және басқа да халықаралық құрылымдармен ынтымақтастық күшейте отырып, Сьездің ізгі ниет елшілері институты құру, жас дін көшбасшыларының форумын өткізу бойынша ұсыныстар бірауыздан мақұлданды. Тұжырымдаманың қабылдануы Съезд дамуының маңызды кезеңі болары даусыз. 20 жыл ішінде Съез уақыт тезінен өтіп, өзінің тұрақтылығы мен өзектілігін көрсетті. Ал, жаңа кезең бұдан да тиімді болатынына сенім жоғары. Даналардың бірауыздан дауыс берген бүгінгі бастамасы осы. Жиын барысындағы жылы сәттерді қағып алып, сурет баян жасаған Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының баспасөз қызметіне арнайы алғыс айтамыз, - деп сөзін түйіндеді Бибігүл Жексенбай.