00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қарағандыда құмар ойыннан 32 млн теңге заңсыз пайда тапқан азамат сотталды

10 шілде, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Қарағандыда құмар ойыннан 32 млн теңге заңсыз пайда тапқан азамат сотталды
Оңалхан Өнерхан

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азаматты анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Тергеу барысында күдіктінің «Покер» құмар ойынын өткізу үшін жергілікті мейрамханада үй-жайды жалға алғаны, арнайы ойын үстелдерін орнатқаны және ойын фишкалары мен карталарын сатып алғаны анықталды.

«Банк шотына түскен қаражаттардың жалпы сомасы 32 миллион теңгеден асқан. Сот үкімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасы тағайындалды», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.