00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қарағанды және Қостанай облысында жолдың 5 учаскесін су басты

Қарағанды және Қостанай облысында жолдың 5 учаскесін су басты
фото: дереккөзден

«ҚазАвтоЖол» АҚ бүгін сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы мәліметті жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Қарағанды және Қостанай облыстарында 5 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 860 метр болатын су тасқыны орын алды.

3 облыстағы (Ақтөбе, Қостанай, Павлодар) республикалық маңызы бар 4 автомобиль жолдарында (ұзындығы 221 км) қозғалысқа шектеу қойылды.