Үйде ыстықтан қалай қорғану керек?
Жазы қоңырсалқын келетін Астананың көпшілік үйлері мен ғимараттарында салқындатқыш жоқ. Дегенмен биылғы жаз аптапты ыстық күндермен басталды. Тысқа шықсаң - ыстық, үйге кірсең – ыстық. Не істеуге болады? Бұл туралы Elorda.info зерделеп көрді.
Пердені жабыңыз
Ең оңайы – пердені тастай қылып жабу. Температура бірнеше градусқа түскенін байқайсыз. Жарықтың бұлтты кезде де бөлмеге енбеуін қадағалаңыз. Сол себепті «блэкаут»деп аталатын пердені немесе жалюзиді таңдаңыз. Өйткені олар қалың әрі жарықты өткізбейді.
Терезеге фольга жабыстыруға болады
Үйлеріңізде тағам түрлерін пісіруде қолданылатын фольга бар шығар? Соны терезеңіздің жақтауларына шақтап қиып, скотчпен жапсыра салыңыз.
Электр құрылғыларын сөндіріп тастаңыз
Сізге ток көзіне қосылып тұрған электр құрылғылары жылу тарататыны туралы белгілі болар. Неғұрлым осындай техникалар көп болса, соғұрлым үйіңіз ыстық болады. Әрі отқа, газ пешіне ұзақ уақыт ас әзірлемеңіз.
Желдетудің жүйесін еске сақтаңыз
Бөлмені желдету тек таңғы, кешкі самал соғып тұрғанда ғана пайдалы. Ал талтүсте есік-терезе ашсаңыз, үйіңіздегі ауа одан сайын қапырық болып кетеді.
Төсек жабындысы
Жо, жоқ, ылғал төсек жабдығын үстіңізге жаппаңыз. Оны тек терезені жабып, пайдаланылмайтын үстел, жиһаздарға төсеп қойсаңыз болғаны.
Желдеткішті дұрыс пайдаланыңыз
Желдеткішті, әдетте, адам өзіне бағыттап қояды. Бірақ құрылғыны жиһаздар көп орналасқан тұсқа қаратып қойған жөн. Бетін салқын жел үрлеген жиһаздар өзге заттардан жылуды көбірек сора бастайды.