Іздеуде жүрген алаяқтар шетелде ұсталды
Іздеуде жүрген алаяқтар шетелде ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Іздестіру» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Павлодар облысының жедел уәкілдері шетелдік әріптестерімен бірлесе отырып, 15 қылмыскерді қолға түсірді.
«Олардың бірқатары ауыр қылмыстары үшін шет мемлекеттерде іздеуде жүрген болатын. Мәселен, Германияның Нюрнберг қаласында Қазақстанда алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 43 жастағы ер адам ұсталды. Сонымен қатар Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында осыған ұқсас қылмыс жасап, іздеуде жүрген 25 жастағы күдікті құрықталды. Қазіргі таңда олардың барлығы қамауда, ал экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Павлодар қаласында көрші елде ауыр қылмыс жасап, кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген күдікті ұсталды. Бұдан бөлек Павлодар қаласы мен Қарағанды облысы аумағында хабар-ошарсыз кеткен екі азаматтың жүрген жері анықталды.