00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

ITEC арқылы 1390 қазақстандық білім алды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ITEC арқылы 1390 қазақстандық білім алды
коллаж Elorda.info

Үндістан Елшілігі Үндістанның техникалық және экономикалық ынтымақтастық күнін (ITEC) Астанада атап өтті, деп хабарлады Elorda.info.

 

Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Ғылым және жоғары білім министрлігінің вице-министрі Дархан Ахмед-Заки сондай-ақ әртүрлі салалардағы ITEC түлектері, Сыртқы істер министрлігінің, жергілікті оқу орындарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. 

 

Мұнда  Үндістанның бай мәдени дәстүрлерін бейнелейтін  «Мұра- धरोहर « атты арнайы мәдени қойылым көрсетілді. 

ITEC 1964 жылы 15 қыркүйекте іске қосылды. Бұл – 160 серіктес елдермен және 13 көпжақты агенттіктермен әлеуетті арттыру бойынша Үндістанның жетекші ынтымақтастық бағдарламасы. Жыл сайын Үндістанның 1000-ға жуық жетекші оқу орындарында білім береді. Оқу бағдарламасы көптеген пәндерді қамтиды. Бағдарлама шеңберінде Үндістан тек  азаматтық және қорғаныс салаларында әлеуетті арттыруды ғана емес, сонымен қатар техникалық-экономикалық негіздемелер, үндістандық сарапшыларды шетелге жіберу, таныстыру сапарлары, гуманитарлық көмек және табиғи апаттарды жою сияқты жобаларға байланысты іс-шараларды ұсынады.

 

Қазақстан – 1992 жылдан бастап Үндістанның ITEC серіктесі. Содан бері Қазақстаннан 1390-ға жуық маман, оның ішінде 1070 азаматтық қатысушы және 320-ға жуық әскери қызметші ITEC шеңберінде ұсынылатын әлеуетті арттыру бойынша қысқа мерзімді мамандандырылған оқу бағдарламаларын пайдаланды. Қазақстан азаматтарын ITEC бағдарламасына көбірек қатысуға ынталандыру үшін Үндістан үкіметі жақында оқу орындарының санын 75-тен 100-ге дейін арттырды.

ITEC өзін Үндістан мен Қазақстан арасындағы достық байланыстарын нығайту құралы ретінде көрсетті.