Ішкі істер министрлігі азаматтарды сақ болуға шақырады

8 қаңтар, 2025
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
views366
Ішкі істер министрлігі азаматтарды сақ болуға шақырады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті алаяқтық схемаларға қатысу әрекеттері үшін жауапкершілік барын ескертеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Жеңіл әрі жылдам ақша табуға үміттеніп, кейбір азаматтар қылмыстық және азаматтық жауапкершіліктің барын білместіктен, алаяқтарға көмектесіп, «дропперлерге» айналып жатады. 2024 жылы 1 200-ден астам «дропперге» қатысты сот үкімі шықты. Олардың банк карталары арқылы алаяқтардың шоттарына аударылған 1,3 млрд теңге өндірілді», – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Бұдан басқа, қылмыстық схемаларға қатысқан 56 адам интернет-алаяқтық жасауға көмектескені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды сақ болуға, оңай ақша табу туралы ұсыныстарға сенбеуге, күдікті әрекеттер туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады.