00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Халықты жұмыспен қамту орталығының трансформациясы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Халықты жұмыспен қамту орталығының трансформациясы
Оңалхан Өнерхан

1 шілдеден бастап Халықты жұмыспен қамту орталықтары Еңбек мобильділігі орталықтарына айналады, деп хабарлады Elorda.info

Астана қаласының Еңбек мобильділігі орталығы өз қызметін қала аудандарының (Алматы, Байқоңыр, Есіл, Нұра, Сарыарқа) мансаптық орталықтар арқылы жүзеге асыратын болады.

Мансап орталықтар қала аудандарында жұмыссыз адамға неғұрлым толық спекторын жүзеге асыратын болады. Бұл – тұтастай алғанда кешенді және тиімді тәсіл, - деп түсіндірді Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығының директоры Олжас Омар.

Азаматтарға арналған қызметтер:

- Мемлекеттік гранттар (400 АЕК);

- «Ұрпақтар келісімшарты», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары;

- Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы жұмыс орындары;

- Қолайлы бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

- Кәсіптік оқыту, әлеуметтік кәсіптік бағдарлау;

- Әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық жұмыстар;

- Жастар практикасы;

- Микрокредит беру бойынша консультациялар;

- Атаулы әлеуметтік көмек.

Жұмыс берушілерге арналған қызметтер:

- Жұмыс берушілер үшін кадрларды іріктеу;

- Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кәсіптік оқыту;

- Жұмыс орындарын құруды субсидиялау.