00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі қалай есептеледі

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі қалай есептеледі
Скриншот: видеодан

Бүгінгі таңда сот шешімдерін орындау мақсатында жеке сот орындаушысы ортақ мүлік тұрғын үйге тиым салып, оны сату бойынша шешімдерді орындаймын десе, екінші азаматтың үлесі ескеріле ме?

Бұл сауалға заңгер Нұржан Әбдікәрімов «Халық үні» YouTube каналындағы «Әділетті қоғам» бағдарламасына берген сұхбатында жауап берді.

Заңгердің айтуынша, қарызды несие алған адамның жеке мүлкінің есебінен ғана өндіріп алынады. Демек, қарызды қарыз алған адамның өзі төлеуге тиіс. Ал екінші тараптың жеке мүлкіне ешкім қол сұға алмайды. 

Неке және отбасы туралы кодексі бар. Некеде тұрған азамат пен азаматшаның, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне қатысты белгілі бір режимді бекіткен. Әрине, ол күнделікті қолданып жүрген, күнделікті айтып жүрген 50/50. Қандай жағдайда, қандай қаражатқа алынбасын, бұл жерде екі азаматшаның да үлесі болады. Екінші бір мәселе әрине жаңағы азамат жұбайы  біреуге қарыз болып не болмаса біреуге қарыз болып, соны төлемеген жағдайда сот орындаушы не істейді? Оның үлесін анықтайды. Ол кісіге тиесілі мүлікті анықтайды, - деді заңгер Нұржан Әбдіркәрімов «Халық үні» YouTube  каналына берген сұхбатында.