00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елордалық полицейлер ноутбук пен телефон ұрлаған тұрғынды ұстады

12 қараша, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Елордалық полицейлер ноутбук пен телефон ұрлаған тұрғынды ұстады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана тұрғыны электроника дүкенінен ноутбук пен екі телефонды ұрлап алып кеткен, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр аудандық ПБ-ның криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері электроника ұрлығына қатысы бар 19 жастағы жас жігітті анықтады.

Жас жігіт түннің бір уағында кілттерді таңдау арқылы роликті жалюзиді ашып, тұрмыстық техника сатылатын бутикке кірген. Осыдан кейін жігіт жасырын түрде «Redmi 10A», «Redmi 12» маркалы 2 ұялы телефонды және «Acer Inspire 5» ноутбугін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі шамамен 200 мың теңгені құрады.

«Бейнебақылау камераларының арқасында ұрлықты ашып, ұрының ізіне түсуге мүмкіндік туды. Қазіргі уақытта қаскүнем кінәсін мойындады. Заттай айғақтарды ломбардқа тапсырған. Аталған факті бойыншы қылмыстық іс тіркелді», - делінген хабарламада.

Астана қаласының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін ұрлау немесе қылмыстық жолмен бөтеннің мүлкіне құқықты иемдену қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын азаматтардың есіне салады.