Елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысы тексерілді
10 шілде, 2024
Сабина Кәкімжан
Фото: Instagram/kanalimov
Бұл туралы қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Елорда әкімінің орынбасары Есет Байкенмен бірге «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары-2024» штабының кезекті отырысын өткіздік. Қызметтердің дайындығын тексердік, кәдесый өнімдерін сату орындарын ұйымдастыруға арнайы тоқталдық. Бүгінгі таңда бес компания өздерінің кәдесыйларын ұсынды. Мен кәдесыйлардың бірыңғай тақырыбын, қолжетімді баға саясатын анықтауды тапсырдым. Жақын арада кәдесый өнімдерін жеткізушілермен кеңес өткіземін. Қазақстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алғаш рет өтеді. Жарыс Астанада 8-14 қыркүйек аралығында өтеді, - деп жазды төраға.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:37
Астанада биыл кәмелетке толмағандар арасында 150 құқық бұзушылық анықталды
Бүгін, 17:18
Олжас Бектенов әкімдерге цифрлық инфрақұрылым құруды тапсырды
Бүгін, 16:59
Үш жылда елімізде 80 мыңнан астам IT-маман даярланды – министр
Бүгін, 16:43
Арал теңізіне тағы 1,6 млрд текше метр су жіберіледі