Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары жүргізіліп жатыр
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық алдын ала басталғанын мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Мәселен, 2023 жылдың қыркүйегінде қаланың 20 су тасқыны қаупі бар учаскелері зерттеліп, аудан әкімдеріне қажетті шараларды қабылдау (каналдарды тазалау және төсеу, арық жүйесін орнату және т.б.) туралы ұсыныстар айтылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты мәлімдеді.
Бүгінгі таңда коммуналдық қызметтер қаладан 4,5 млн текше метрден аса қар шығарды. 17 мыңнан астам қума метр арық-науа желісі, 160 қума метр коллекторлар, 713 дана жаңбыр қабылдау құдықтары тазартылды, 130 қума метр құбыр реттелді. «Астана Тазалық» базасында 2,5 мың (2213 м3) текше метр құм мен ұсақ тас (135 м3) көлемінде инертті материалдар қоры дайындалды, тағы 11 мың текше метр инертті материалдарды (9 800 м3 құм және 1 943 м3 дресва) жеткізуге келісімшарт бар», - деп хабарлады ТЖД.
Одан бөлек ТЖ жағдайында азық-түлік пен жанар-жағармай материалдарын жеткізуге 12 меморандум жасалды.
1 ақпаннан бастап Астана қаласы әкімінің орынбасары сапарлар шеңберінде су тасқыны қаупі бар учаскелерді комиссиялық тексеру бойынша жұмысты жалғастырды. Су тасқыны құбылыстарына уақтылы ден қою мақсатында жеке құрамның 586 адамынан, 156 бірлік техникадан, 65 мотопомпадан тұратын азаматтық қорғау қызметтерінің жалпы тобы құрылды», - деп атап өтті ведомствода.
Сондай-ақ, ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын үй маңындағы аумақтан көшенің жол бойындағы бөлігіне қарды уақтылы тазартуға, үйден ағынды арықтарға немесе су өткізгіш құбырларға су бұрғыштар ұйымдастыруға, су жүргізу құралдарын алдын ала көздеуге кеңес береді. Тұрмыстық электр сорғылары, шелектер, күректер және т. б. дайын тұруы керек. Су басқан жағдайда iKomek Қалалық мониторинг орталығының «109» нөміріне немесе құтқару қызметінің «112» нөміріне дереу хабарлау қажет.